Сіз неліктен "Animal ID Kazakhstan" компаниясын таңдайсыз?
- "Animal ID Kazakhstan" - халықаралық базаға кіріктіріліп, микрочиптерді онлайн тіркеу қорына тәулік бойы қол жеткізуге мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасындағы жалғыз компания. Чиптің өзінде цифрлық ақпараттан басқа оны толық пайдалану үшін қажетті өзге ешбір ақпарат болмайды, жануар иесі туралы ақпаратты көрсету үшін чип деректер қорында тіркелуі тиіс. Біздің компания сізге осындай мүмкіндік береді.
- "Animal ID Kazakhstan" Қазақстан Республикасында TROVAN өнімін және Микрочиптерді тіркеудің бірыңғай қорын, оның ішінде 2010 жылдан бері халықаралық қорын ұсынады.
- "Animal ID Kazakhstan" - әлемдегі ең ірі Trovan микрочип өндірушісінің ресми өкілі, ал біздің микрочиптеріміз бүгінгі таңда әлемдік нарықтағы инновациялық түрдегі және ең сенімділері болып табылады.
- TROVAN микрочиптері - Еуропада шығарылатын және барлық сертификаттарға сәйкес келетін, соның ішінде медицинада адамдарға қолданылатын жалғыз чип.
- "Animal ID Kazakhstan" микрочиптерді тіркеудің бірыңғай базасы Trovan чиптері үшін тегін және әлемнің кез-келген түкпірінде қолданылады, TROVAN халықаралық іздеу базасымен кіріктірілген және 24/7/365 бойы қолжетімді.
Trovan өнімдерінің бәсекелестерімен салыстыруға келмейтін артықшылықтарының тізімі:
- тек TROVAN өнімдерінде канюля/ шприц/ ине бар;
- өндірісі ISO 13485 талаптарына сәйкес сертификатталған. Бұл адамдарға арналған медициналық бұйымдар жасауда қолданылатын ең жоғары стандарт;
- иненің өткірлігі DIN 13097-2 талаптарына сәйкес тексеріледі;
- тазалығы ISO 7864 сәйкес тексерілді;
- түтіктер /канюлялар ISO 9626 сәйкес сыналды;
- тазартудың расталған процесі (биожүктеме, эндотоксин);
- түйіршіктерін бақылау және таза үй-жайларға мониторинг жүргізу (класы 8 және одан жоғары);
- барлық пайдаланылатын материалдардың қадағалануы;
- пайдаланылатын пластик материал адамдарға арналған медициналық жабдықтар үшін құпталған;
- партия шығару және транспондер нөмірін қайта тексеру (деректер қоры);
- транспондердің инеден түсіп кетуіне қайтадан жол бермеу: транспондер мен ине көзінің арасында силикон нүктесінің немесе өзге физикалық кедергінің болуы.
Транспондер (өзіндік бірегей түрдегі)
- Лазерлік бағдарламалау. Артықшылығы - сенімділігі және ұзаққа шыдамдылығы;
- жиілігінің рұқсат етілген ауытқуы макс+/- 3кГц. Жиіліктің бұдан көп ауытқуы өндіріс процестерінің бақыланбайтындығын және сапаны бақылау проблемаларының бар екенін көрсетеді;
- Биоәйнек инкапсуляциясы. Пластик транспондерлердің (нарықтағы басымдыққа ие өнім) басты айырмашылығы -олар уақыт өте келе өткізгіш бола бастайды.
- Интегралдық схеманы (ИС) антеннаға тікелей термокомпрессиялық түрде жалғау арқылы бекіту. Әдетте құрастырған кезде төңкерілген кристалл құрастырмасы қолданады, онда ИС модульге бекітіледі, ал сымдар модульге де бекітіледі. Тікелей жалғау кезінде микросхемаға қосылудың тек екі нүктесі болады. Модульдік технологияда 6 нүктеге дейін болады, бұл іске қосылмауы мүмкін нүктелерден 3 есе көп. Чип астарға жабыстырылған: бұл әлдеқайда нәзік қосылыс. Қосымша қосылу нүктелері бар, ал бекіту процесі дәнекерлеу болып табылады, ал дәнекерлеу – жалғаудың ең сенімді әдістерінің бірі.
Бүгінгі таңда Trovan технологиясын қолдана отырып, 420 миллионнан астам ID-1xx типті транспондер дайындалды, олардың іске қосылмай қалу ықтималдығы тым төмен (6 сигма шығару = 3,4 ppm, біздің жағдайымызда - 2 ppm кем).
Егер өндірушіде іске қосылмау көрсеткіші ең болмағанда 1% болса, онда 420 миллион транспондердің ішінде 4,2 миллион іске қосылмай қалмақ! Біздің сенімділігіміздің себебі -тікелей желімдеудің өндірістік процесі, жоғары сапалы компоненттерді пайдалану, микрочиптердің толық автоматтандырылған өндірісі және адамға қатысты медицина стандарттарына сәйкес қатаң сертификатталған процестер.
Имплантация
"VetPlant" имплантері транспондер иненің көзіне кіріп бара жатқанда жанаспалы кері байланысты қамтамасыз етеді, бұл оператордың мерзімінен бұрын шығарып жіберу қатесіне жол бермеуге көмектеседі және транспондер иненің көзіне кірместен бұрын, иненің көзінде тұрған кезде, ине толығымен жануар денесіне кіргізілген кезде ине ұшының кертіліп қалуына жол бермейді.
Транспондер толығымен кіргізілген кезде, екінші жанаспалы сыртылдаған дыбыс пайда болады (сатып алушы енді "инені шығаруға болатынын" білуі үшін).
Екінші сыртыл поршеньді бір орында ұстап тұрады, бұл транспондердің инеге қайта сіңірілуіне және инемен бірге шығуына жол бермейді.
Жануарларға арналған микрочиптерді қолдану саласындағы біздің клиенттеріміз:
Жапондық кинологиялық клуб
Канадалық кинологиялық клуб
AKC Reunite америкалық кинологиялық клубы
Ирландиялық ит өсірушілер клубы және басқалары
АҚШ хайуанаттар бағы
Біз туралы ең басты ақпарат:
"TROVAN транспондерлері – сапасы жөнінен әлемдегі ең үздіктері".
Trovan микрочиптері ISO 13485 процесіне сәйкес шығарылады: бұл өте қатаң талаптар мен тексерулерден өтетін адамға арналған медициналық құрылғыларды өндіру кезінде қолданылатын қатаң процесс. Жануарларға арналған басқа микрочиптерде (датамарсты қоса алғанда) мұндай жоқ.
Trovan микрочиптері тікелей жалғау технологиясын қолдана отырып жасалады: бұл өндірісті 100% автоматтандыруға мүмкіндік беретін патенттелген процесс. Адам факторы орын алмайды. Адам еңбегі = бақылауға бағынбайтын өзгергіштік. Trovan өнімдері ЕО-да шығарылады; үлкен еңбек шығындарын талап ететін бәсекелес өнімдер Қытайда, Таиландта және т.б. елдерде өндіріледі (мәлімет беретін болсақ,, Таиландта микрочиптері шығарылады).
Trovan процесі -бұл 6 сигма процесі. 6 сигма анықтамасына сүйенсек, миллион құрастырманың ішінде іске қосылмау ықтималдығы 3,2 құрайды. Қазіргі уақытта Trovan 6 сигмаға қарағанда жақсырақ, өйткені бізде сәтсіздік деңгейі 2 ppm-ден кем. Бүгінгі таңда бизнесте басқа ешкім бұл көрсеткішке жете алған жоқ, сондықтан біз оларды Америкалық ит өсірушілер клубына, Жапондық ит өсірушілер клубына, NASA, Coca Cola және Daimler Benz компанияларына сатамыз. Бұлардың бәрі сапаны ойлайтын клиенттер.
Неліктен біздің өнім сіздің ветеринарлық клиникаңызға сәйкес келеді және пациенттердің сұрақтарына қалай жауап беру керек?
Сіз клиенттерден "барлық микрочиптер бірдей, бізге арзанырағын қойыңыз" дегенді жиі еститін боласыз.
"Олардың бәрі де жақсы" деген пікірге келетін болсақ, бұл түбегейлі дұрыс емес.
Оқу ауқымы, оқу аумағы, оқу жылдамдығы сканердің чипті бір дегенде ЖЫЛДАМ анықтай алатындығына немесе чипті көрмей қалатындығына әсер етеді.
Жалған оқылатындары бар, бірақ оны СІЗ ЕШҚАШАН БІЛМЕЙ ҚАЛАСЫЗ, өйткені егер сіздің үй жануарыңыз жоғалған болса, жануарлар жатағында чипті сканерлей алмаса "Бұл чипсіз үй жануары" деп жазады да қояды. Оны ұйықтатып тастайды, енді ол жоқ. Енді ол ешқашан иесіне оралмайтын жай үй жануары.
Өзінің жануары үшін микрочип сатып алатын клиент сақтандыру полисіне ие болады.
Сіз C рейтингісінен гөрі AA рейтингісі бар сақтандыруды құп көрмейсіз бе? С саясатына рұқсат берілген және "минималды стандартқа сәйкес келеді"(өлшемшарттары анықталмаған, сондықтан біз оның не екенін білмейміз), бірақ сіз өзіңіздің клиенттеріңіз бен олардың үй жануарлары үшін "жай ғана" қорғаныш қана емес, сонымен қатар шынымен жақсы нәрсе ұсынатыныңызды түсінуден туындайтын жан тыныштығын қалайсыз. TROVAN чиптері – бұл АА сақтандыру.
Сіз өз клиенттеріңіз бен олардың түліктері үшін үздік нұсқаны таңдауға міндеттісіз.
TROVAN сапалы микрочипі - сіздің алаңсыздығыңыз бен үй жануарыңыздың саулығының кепілі.