- Көбірек білгіңіз келсе
- Үй жануарлары мен экзотикалық жануарлардың иелеріне
- Жануарларды үйретушілер, клубтар мен тәлімбақтар басшыларына арналған ұсыныс
- Зоопарктерге арналған ұсыныс
- Мал өсірушілерге арналған ұсыныс
- Ветеринарларға арналған ұсыныс
- Транспондерді имплантациялау жөніндегі нұсқаулық
- Тіркеу туралы
- Төлеу тәсілдері
- FAQ
Жануарлар иелеріне арнау!
Барлық үй жануарларының арнайы ветеринарлық паспорттары бар, оған екпелер мен басқа да профилактикалық шаралар жөніндегі ақпарат енгізіледі. Алайда әдеттегі паспорттың жануарларды электронды сәйкестендіргіш түрінде аналогы бар екенін әркім біле бермейді. Жануарларды чиппен белгілеу әлемде кеңінен таралған. Үй жануарларын электронды чиптермен жабдықтау идеясының жиырма жылдық тарихы бар. Барлық еуропалық елдерде жануарларды чиппен белгілеу құтыруға қарсы егу сияқты әдеттегі ресімдердің біріне айналды. Асыл тұқымды иттер мен мысықтар клубтары және тәлімбақтарда таза текпен таралуын қамтамасыз ету үшін микрочиптер қолданылады.
Бұл әдістеменің мәні неде?
Иттерді, мысықтарды, басқа да үй жануарларын, соған қоса экзотикалық хайуанаттарды чиппен белгілеу мынадай жолмен жүргізіледі: шприц көмегімен жануарға инъекция енгізіліп, нәтижесінде хайуанмен бірге өмір бойы жүретін сәйкестендіргіш нөмірі бар микрочип ағза ішіне барып түседі. Микрочиптің 15 таңбалы сандық коды болады. Мұндағы алғашқы 3 сан – елдің сандық коды, келесі 4 сан – өндірушінің коды, одан кейінгі 8 сан – жануарлардың жеке коды. Бізден сатып алатын чиптер ISO 11784 және ISO 11785 стандарттарына сәйкес келеді, ондағы чиптің алғашқы 398 деген саны – Қазақстан Республикасының сандық коды, осылайша жануар шекарадан өтіп бара жатқанда – оның қай елден шыққандығы белгілі болады.
Микрочиптің өзі тек сандық мәліметтерден тұрады. Сіз және сіздің сүйікті хайуаныңыз туралы барлық деректер (тұқымы, аты, ерекше белгілері, иесінің аты-жөні мен мекенжайы т.б.) белгілі болу үшін микрочипті Қазақстан Республикасының алғашқы Жануарларды электронды сәйкестендіру деректерінің ұлттық бірыңғай деректер қорында тіркеу қажет.
Соңынан бұл мәліметтерге AnimalID.kz сайтында тәулік бойғы онлайн режимде ашық қол жеткізілетін болады.
Чиппен белгілеу арқылы жануарларды сәйкестендірудің бірқатар артықшылықтары бар:
1) Бұл ресім жануарлар үшін залалсыз, мүлдем ауыртпайды (таңбалау, ен салумен салыстырғанда чиппен белгілеу әдеттегі екпе сияқты).
2) Ресімді қайта жүргізудің қажеті жоқ (биологиялық жағынан үйлесімді шыныдан жасалған қабықшасының арқасында микрочип жануар ағзасында бөгде зат ретінде сезілмейді, ешқандай жағымсыз әсер тудырмайды, орнын ауыстырмайды).
3) Өмір бойғы электронды сәйкестендіру қамтамасыз етіледі, жануардың ауысып немесе жоғалып кетуіне жол берілмейді (бұл әсіресе тегі ертеден бастау алатын көрме иттері мен мысықтарының иелері үшін қызықтырарлық жайт болары сөзсіз).
4) ЕО елдеріне (2004 жылдан бастап Еуроодақ елдеріне барып қайтуға ниеттенген үй жануарларының барлық иелері өз хайуандарын чиппен белгілеуге тиісті) және басқа да алыс шет елдерге (АҚШ, БАӘ, Австралия, Канада, Жапония т.б.) сапар шеккенде кедендік бақылауды жеңілдетеді.
Жануарларды чиппен белгілеу иесіне сенімді «досын» сақтандыруға мүмкіндік береді. Сүйікті итін немесе мысығын жоғалту кімге оңай тиеді дейсің, ал чиппен белгілеу арқасында жануарыңыз сізге аз уақыт ішінде қайта оралады, өйткені әр ветеринарлық клиникада және үй-күйсіз жануарларды аулау станцияларында жануар туралы барлық мәліметті жайып салатын арнайы сканерлер қойылған. Сондықтан күмәнді болмау үшін –«досыңызды» чиппен белгілегеніңіз жөн.
Соңғы жылдары үй жануарларын ғана емес, чиппен белгілеу арқылы электронды сәйкестендіру мал шаруашылығында да жаппай қолданыла бастады. Мал шаруашылығында микрочиппен белгілеу мал басын жеке есепке алу, аурулардың алдын-алу үшін кеңінен қолданылып келеді.
Қазіргі заманғы алдыңғы қатарлы зоопарктер микрочиппен белгілеуді өз жануарларын есепке алу үшін ғана емес, сондай-ақ жабайы аңдардың табиғаттағы көшу, орын ауыстыруын есепке алу үшін де қолдана бастады.
Микрочиппен белгілеудің еш залалсыз ресімін пайдаланып, өз сүйікті хайуаныңызды біздің деректер қорымызда тіркеңіз, сонда оны ешқашан жоғалтпайсыз!
Үй жануарлары мен экзотикалық үй жануарларының иелері!
Микрочип сіздің жануарыңыздың басқаларға ұқсамайтын даралығын көрсететін, топ ішінен еш жаңылмай танып-білуге мүмкіндік беретін "электронды паспорты" іспеттес. Ит-мысықтарды чиппен белгілеу – бүгінгі күннің талабы деуге болады әрі өте қарапайым ресім. Қазіргі кезде көп адамдар бұрыннан үйретілген үй жануарларымен қатар экзотикалық жануарларды (күзен, тарбаған, үй қояны, тотықұс, басқа да экзотикалық құстар, балықтар, жыландар т.б. үйге үйретілген фауна өкілдері) үйде ұстауды әдетке айналдыруда. Мұндай жануарлар ерекше, әдемі әрі құны да қымбат болатындықтан, жоғалып немесе ауысып кетпес үшін чиппен белгілегеніңіз жөн. Сондай-ақ экзотикалық жануарларды чиппен белгілеу Құрып кетудің алдында тұрған жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы жөніндегі конвенция (CITES) ережелерімен реттеледі, оған сәйкес чип нөмірі экзотикалық жануарларды ел сыртына шығару немесе алып кіру, ұстауды тіркеуге рұқсат алу үшін қажет.
Жануарларды электронды сәйкестендіру процесі қол жетімді әрі тиімді болуы үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасап береміз.
Жануарыңызды чиппен белгілеуге ниеттенсеңіз, келесі іс-қимылдарды орындауыңыз қажет:
-
- Жануарларды микрочиптеумен айналысатын ең жақын жердегі ветеринарға барыңыз. Оны Ветеринарды іздеу атты біздің сервисіміздің көмегімен таба аласыз.
- Микрочиптерді тіркеу сервисін қолдана отырып, микрочипті біздің деректер қорымызда тіркеңіз.
Егер жақын маңнан ветеринарды таба алмасаңыз, микрочипті біздің электронды дүкеннен сатып алып, жануарды өзіңіз чиппен белгілеңіз! Біздің сайттағы бөлімдермен таныса отырып, барлық тиісті нұсқауларды ала аласыздар. Қалған сұрақтарға жеке түрде жауап береміз.
Жануарларды сақтандыру, шекарадан өту, ветеринарға бару, жануарларды жоғалтқан немесе тауып алған кезде Жануардың иесін микрочип арқылы тауып алу сервисін қолдана аласыз. Қазақстан Республикасындағы алғашқы Жануарларды электронды сәйкестендіру деректерінің ұлттық бірыңғай деректер қорындағы ақпарат қашан да онлайн режимінде оңай табылады, сіздің иесі ретіндегі құқықтарыңызды растап, хайуанаттарыңызды ауыстырып жіберуден сақтандыруға мүмкіндік береді.
Біз жеткізетін микрочиптер Еуропа мен АҚШ-тан әкелінеді, ол иттерге де, мысықтарға да, экзотикалық жануарларға да бірдей қолданылады,сонымен қатар балықтар, құстар, жорғалаушылар үшін де үйлеседі, дүние жүзі бойынша ең әмбебап сканерлер болып саналады.
Біздің электронды дүкенімізде сатылатын микрочиптер біздің деректер қорымызда ақысыз тіркеулі тұрады.
Егер жануарыңызды жоғалтып алған болсаңыз, дереу бізге хабарласыңыз немесе жоғалғаны жөніндегі ақпаратты Жоғалған жануарлар бөліміне орналастырыңыз. Біздің жүйеміз бар ақпаратты сканерлермен жабдықталған ветеринарлық клиникаларға және үй-күйсіз жануарларды аулау станцияларына дереу жөнелтеді. Жануар табылған бойда сізге шұғыл түрде хабар берілетін болады.
Егер сіз жеке үйде тұратын болсаңыз, жануарларыңыз өз бетімен жүретін болса, микрочиппен белгілеу сіз үшін өте пайдалы. Жануарларды тану үшін қолданылатын құрылғылар да өте танымал. Мысалы, үйге тек өз мысығыңызды немесе итіңізді ғана өткізетін сканерлі кішкентай есікті орнатуға болады!
Өзіңіздің сүйікті хайуанаттарыңызға электронды паспорт сыйлаңыз!
Селекционерлерге, клубтар мен питомниктер менеджерлеріне арналған ұсыныс.
Жануарларды электронды сәйкестендіру асыл тұқымды жануарларды өсірудің маңызды шарты болып табылады. Онсыз таза тұқымды жануарды өсіріп, оның тегі туралы жазбалардың дұрыстығын дәлелдей алмайсыз. Электронды сәйкестендірудің ұлттық деректер қорында тіркелу тіркеу жазбасын жануарды сәйкестендіру кезінде ұсынуға мүмкіндік береді. Оны ветеринарға барғанда, адасқан жануарларды иелеріне қайтару үшін, сақтандыру мақсатында, көрмелерде немесе тек тазалығын сақтау үшін шағылыстыру кезінде жануарлар ауысып кетпеу үшін, шетелге шыққанда және басқа да көптеген жағдайларда пайдалануға болады.
Жануарларды жаппай чиппен белгілеуді ұйымдастыру үшін біз күніне 50 жануар бір орынға жиналатын клубтарға шақыртумен барамыз. Егер клубта чипі бар жануарлар бар болса, сіздің қолыңызда олардың иелері туралы толық мәлімет болса, біз ол мәліметтерді біздің деректер қорымызға арзан бағамен орналастырамыз. Ал сіздің клубтың мүшелері қашанда жеке тәртіппен тіркеле алады.
Біз клубтар мен жануар бақтарының иелеріне микрочиптер мен сканерлерді арзан бағамен жеткіземіз. Шегерімге ие болу үшін біздің ветеринарлар туралы деректер қорымызда тіркелуіңіз қажет. Бұл жағдайда Сіз туралы ақпарат осы аймақтағы чиппен белгілеу мәселесіне қызығушылық білдіретін біздің сайттың тұтынушыларына белгілі болады. Сканер көрме жүргізу немесе шағылыстыру кезінде жануар ауысып кетпес үшін пайдалы.
Көп жануарларды чиппен белгілеу үшін шприцтің орнына бір реттік инелері бар имплантер алған жөн. Бұл көп жануарларды микрочиптеу кезінде қолдануға қолайлы кәсіби құрал-сайман болып табылады.
Чиппен белгілеу өте қарапайым ресім, жануар бақтарының имиджін
жақсартуға және тиісінше сіздің бәсекелестікке қабілеттілігіңізді арттыруға көмектеседі.
Сіз біздің сайттың сілтемесін қолдану арқылы біздің тегін интернет
қолдауымызға ие бола аласыз.
Бізден сатып алынған микрочиптер біздің деректер қорымызда тегін тіркеледі.
Хайуанаттар бағына арналған ұсыныстар!
Чиппен белгілеу –бұл заманның талабына сай, қолданысқа қолайлы, малдың етін ауыртпайтын, жануарларды сәйкестендірудің әлемде жиырма жылдан астам уақыт бойы қолданылып келе жатқан сенімді тәсілі. Жабайы аңдарды және зоопарк хайуанаттарын чиппен белгілеудің қолға алынғанына көп бола қоймағанымен, озық дәстүрлі және қазіргі заманғы зоопарктердің көпшілігі өз жануарларын чиппен белгілеп, олар туралы мәліметтерді жануарларды электронды сәйкестендірудің деректер қорына енгізуде.
Микрочиптеу бүгінгі таңда жануарларды сәйкестендірудің барлық қойылатын талаптарына сай келеді – енді қолдан бұрмалап салу, нөмірін ауыстыру мүмкін емес, нөмір малмен бірге өмір бойы сақталатындығына кепілдік беріледі, чип малдың денсаулығына еш залал келтірмейді, ресім өте тез орындалады.
Чиппен белгілеу зоопарктерге мынадай қолайлылық пен үнемділік жағдайларын ұсынады:
- қайтадан сәйкестендірудің қажеті болмайды (мысалы, құлақ таңбалары сияқты);
- әр аңға жеке күтім жасауға болады – емдеу, азық беру кезінде т.б;
- жануарларды ауыстыру немесе ұрлау мүмкін емес;
- инбридинг өсіру және бақылау кезінде есепке алуға болады;
- басқа зоопарктермен аң алмасу немесе сауда жасау процесі жеңілдейді;
- коллекция топтастыру және басқа зоопарктер үшін аң өсіру саласындағы жетістіктер туралы ақпараттың қолжетімділігі.
Микрочиптерді тері астына енгізу әдісі балықтардан бастап жорғалаушыларға дейін, ірі жыртқыштардан ұсақ тұяқтыларға дейін барлық жануарларға қолданылады.
Чиппен зоопарктерге, әсіресе асыл тұқымды аңдары бар зоопарктерге жануарлар санын 100% есепке алуға, әр аңның күйін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Жануарларды ауыл шаруашылығында электронды таңбалау жүйесі зоопарктегі әр аңға жеке күтім жасауды қамтамасыз етеді. Микрочиптер көмегімен сәйкестендірілген аңды тани отырып, олардың ішінде қайсысы бөлек емдеуді қажет ететіндігін тиімді анықтауға болады, салмағы мен өнімділігін ескере отырып, жеке азықтандыру тәртібі мен ем қолданып, таза тұқымды аңды сақтап қалуға мүмкіндік жасалады.
Жабайы аңдармен және зоопарк асырандыларымен жұмыс үшін арнайы жасақталған сканерлер ұзартылған сырық-антеннамен жабдықталады, ол вольерде қолдануға өте қолайлы. Жинақталған деректер сканерден шұғыл түрде компьютерге жөнелтіледі. Сканерді компьютерге жалғау арқылы сіз жануардың денсаулық күйі туралы жазбалардың автоматты түрде жүргізілуін қамтамасыз ете аласыз, ветеринарлық есепке алу жеңілдеп, жүйелене түседі.
Өз зоопаркіңізде озық сәйкестендіру технологиясын қолдану үшін бізге хабарласып, жұмысыңызға қажетті құрал-жабдықтар туралы толық ақпарат ала аласыз. Микрочиптерді біздің дүкеннен сатып алған жағдайда сіздің жануарларыңыз туралы деректер біздің деректер қорымызға тегін орналастырылмақ. Біз сіз үшін аңдарды есепке алудың дербес деректер қорын құрып, жасақтап бере аламыз.
Бізбен жұмыс жасап, біздің дүкендерімізден микрочипті шегеріммен алғыңыз келсе, біздің ветеринарлар туралы деректер қорымызда тіркеліңіз.
Зоопарк өкілдерін жұмыстарында микрочиптерді белсенді қолдануға шақырамыз!
Мал өсірушілерге арналған ұсыныс! Ауыл шаруашылығы жануарларын чиптеу.
Ауыл шаруашылығы малдарын чиппен белгілеу (электронды түрде таңбалау) – электронды сәйкестендірудің қазіргі заманғы технологиясы. Жануарларды таңбалаудың әр түрлі тәсілдері көптеген жылдар қатарынан практикада қолданылып келеді, сондықтан малға ен салу, сәйкестендіру қажет екені сөзсіз. Алайда тек чиппен белгілеу ғана барлық қойылатын талаптарға сай келеді – енді қолдан бұрмалап салу, нөмірін ауыстыру мүмкін емес, нөмір малмен бірге өмір бойы сақталатындығына кепілдік беріледі, чип малдың денсаулығына еш залал келтірмейді, ресім өте тез орындалады.
Чиппен белгілеу малшыларға мынадай қолайлылық пен үнемділік жағдайларын ұсынады:
- қайтадан сәйкестендірудің қажеті болмайды;
- әр малға жеке күтім жасауға болады – емдеу, азық беру кезінде т.б.;
- жануарларды ауыстыру немесе ұрлау мүмкін емес.
Чиппен белгілеуді әр түрлі жастағы ұрғашы, еркек малға, жаңа туған төлге немесе ересек малға, дене массасына, жыл мезгіліне қарамастан, кез келген уақытта, кез келген малға қолдануға болады. Бұл өте қарапайым және ауыртпай жасалатын ресім, анестезияны қажет етпейді, күрделілігі жануарларға екпе жасағанмен бірдей.
Электронды таңбалау жүйесі үш бөліктен тұрады:
- Микрочип немесе микрочипті құлақ таңбасы
- Сканирлеуші құрылғы (сканер)
- Деректер қоры
Чиппен белгілеу шаруашылықтарға, әсіресе асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын қожалықтарға мал басын 100% есепке алуға, әр малдың күйін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Жануарларды ауыл шаруашылығында электронды таңбалау жүйесі табындағы әр малға жеке күтім жасауды қамтамасыз етеді. Микрочиптер көмегімен сәйкестендірілген малды тани отырып, олардың ішінде қайсысы бөлек емдеуді қажет ететіндігін тиімді анықтауға болады, салмағы мен өнімділігін ескере отырып, жеке азықтандыру тәртібі мен ем қолданып, сау және таза тұқымды мал өсіруге мүмкіндік жасалады.
Ауыл шаруашылығы малдарын чиппен белгілеудің бірнеше мүмкіндіктері бар:
- Микрочиптерді тері астына енгізу малдың барлық түрлеріне, ірі қараға, қойларға, шошқаларға, бұғыларға, балықтар мен басқаларына қолданылады. Шағын көлемді микрочиптермен салыстырғанда биоүйлесімді шыныдан жасалған капсуладағы микрочип индуктивтілік шарғысының үлкендігімен ерекшеленеді, бұның өзіндік практикалық маңызы бар (алыс қашықтықтан оқуға болады). Салыстыратын болсақ, егер ұсақ үй жануарлары үшін сәйкестендіру қашықтығы сканер типіне қарай 12-20 см болса, ауыл шаруашылығы малдары үшін 45 см-ге дейін. Микрочипті ауыл шаруашылығы малына енгізу жолы үй жануарларына қолданғанмен бірдей. Мүйізді ірі қара мал мен ұсақ мал (қой-ешкі) үшін микрочип енгізудің мынадай тәсілін қолдануға болады: микрочип құлақ түбіне (шошқа, қой, ешкілерге) немесе құлақ ішіндегі қалқанша тәрізді шеміршекке (ірі қара малға) немесе мына сызбаларға сәйкес енгізіледі:
Түрлі жануарлар ағзасына микрочипті инъекция арқылы енгізу сызбалары |
||
Ірі қара |
Тері астына. Мойынның оң жағындағы төменгі алқымына |
|
Ұсақ мал |
Тері астына. |
|
Жылқы |
Бұлшық етіне. |
|
Микрочиптің 15 таңбалы сандық коды болады. Мұндағы алғашқы 3 сан – елдің сандық коды, келесі 4 сан – өндірушінің коды, одан кейінгі 8 сан – жануарлардың жеке коды. Бізден сатып алатын чиптер ISO 11784 және ISO 11785 стандарттарына сәйкес келеді, ондағы чиптің алғашқы 398 деген саны – Қазақстан Республикасының сандық коды.
Микрочип жадына енгізілетін код жануардың «өмірлік паспортына» айналады, өйткені бұл ақпарат ешқашан өшірілмейді, кодты қайтадан бағдарламалау мүмкін емес.
Чиппен белгілеу ресімі өте қарапайым. Бұл стандартты түрде ауыртпай жасалатын ресім, анестезияны қажет етпейді, күрделілігі жануарларға тері астына екпе жасағанмен бірдей. Ресімді орындар алдында мал дәрігері жануарды қарап шығып, чиптің жарамдылығын растайды. Содан соң имплантация жасалатын орынды зарарсыздандырғыш құраммен өңдейді. Осыдан кейін арнайы шприцтің көмегімен микрочип жануардың денесіне (жануар түріне қарай тері астына немесе бұлшық етке) енгізіледі. Бұдан кейін жануар мен оның иесі туралы ақпарат деректер қорына енгізіледі.
- Малды белгілеу үшін ішіне микрочип орнатылған құлақ таңбалар қолданылады. Бұндай таңбаларға көзбен қарап тез сәйкестендіруге арналған нөмір жазылады. Бұл өте қарапайым және көрнекі тәсіл. Чиппен белгілеуге арналған құлақ таңбалар бағдарламаланады, әр таңбада оқу-жазу микросхемалары болады, олар клиенттің қалауы бойынша ISO 11784/85 сәйкес 15 таңбалы сәйкестендіру нөмірімен кодталуы мүмкін, әр белгінің ISO 11784/85 сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірі (15 таңбалы) болады. Барлық биркалар (құлақ таңбалар) рұқсатсыз ашу кезінде іске қосылатын хабаршымен жасақталған. Бирканы бекіту діңі созылмайды, жарылмайды, бөлінбейді, өте берік. Бирканың сусымалы және шағын көлемі сымдарға, жіптерге, бұтақ-шөптерге ілініп қалудан қорғайды. Таңбалау әдісі барлық ауыл шаруашылығы малдарына бірдей қолайлы және қолдану тәсілі тым қарапайым.
Жануардың тері астына чип енгізілгеннен кейін немесе микрочипі бар құлақ таңбалары қолданылып, сәйкестендіру жүргізілгеннен кейін ақпаратты әрі қарай оқу үшін сканер пайдаланылады.
Ауыл шаруашылығы малдарымен жұмыс үшін арнайы жасақталған сканерлер ұзартылған сырық-антеннамен жабдықталады, ол мал жайылып жүрген кезде де, қыста бір орында тұрған кезде де өте қолайлы. Жинақталған деректер сканерден шұғыл түрде компьютерге жөнелтіледі.
Ақпаратты жөнелту тәсілі мынадай: біршама қашықтықтағы сканирлеуші құрылғы (сканер) индукциялық шарықтың жұмысын электромагнитті сигнал көмегімен іске қосады, ал шарық өз кезегінде сканерге цифрлық кодты жібереді. Сканердің қуаттылығына және микрочиптің өлшеміне қарай ақпаратты оқу қашықтығы 12-45 см-ге дейін. Код сканер дисплейіне шығарылып, сканер типіне қарай сканер жадысына енгізіледі немесе серверге жөнелтіледі немесе сканер дисплейінен деректер қорына қолмен енгізіледі.
Малды стационарлық сканерлермен жабдықталған қақпадан өткізген кезде мал басын, оларды ұстау орындарын, салмағы мен басқа да ақпаратты есепке алу үшін микрочип нөмірлері шаруашылықтың компьютерлік деректер қорына жөнелтіледі. Компьютер арқылы басқарылатын электр қақпалар автоматты түрде қажетті жануарларды арнайы, жеке бағыттарына қарай бөліп, емдеу, егу, сою топтарын қалыптастырады.
Сканердің компьютерге жалғануы жануарлардың күйі туралы электронды жазбаларды жүргізіп, ветеринариялық есепке алуды жеңілдетіп, жүйелеуге мүмкіндік береді.
Сканерлермен жабдықталған алдыңғы қатарлы мал сою орындары микрочиптерді әр тұтас етті (төшкені) өңдеу процесінде жеке бақылау үшін қолданады, бұл шаруашылық жеке есепке алуды және өнім дүкендерге жөнелтілгенше өнім сапасын бақылауға алуды қамтамасыз етеді. Тауардың тәрелкеге дәмді тағам түрінде келіп түскенінен фермаға дейінгі жолын қадағалап білуге болады, осылайша толық санитарлық бақылау қамтамасыз етіледі.
Чиппен белгілеу технологиясы Ресейде бірнеше жыл қатарынан табысты түрде қолданылып келеді. Қазақстан Республикасында «Ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендіру ережелері» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес жасалған, ол ауыл шаруашылығы малдарын сәйкестендірудің тәртібін айқындайды. Бұл Ережелерге сәйкес барлық ауыл шаруашылығы малдары жеке нөмірмен таңбалау, чиппен белгілеу, ен салу арқылы сәйкестендіріліп, жануарлар туралы деректер бірыңғай деректер қорына енгізіледі.
Өз шаруашылығыңызда озық сәйкестендіру технологиясын қолдану үшін бізге хабарласып, жұмысыңызға қажетті құрал-жабдықтар туралы толық ақпарат ала аласыз. Микрочиптерді біздің дүкеннен сатып алған жағдайда сіздің жануарларыңыз туралы деректер біздің деректер қорымызға тегін орналастырылмақ. Біз сіз үшін малды есепке алудың дербес деректер қорын құрып, жасақтап бере аламыз.
Бізбен жұмыс жасап, біздің дүкендерімізден шегеріммен алғыңыз келсе, біздің ветеринарлар туралы деректер қорымызда тіркеліңіз.
Мал өсірушілерді практикалық жұмыстарында микрочиптерді белсенді қолдануға шақырамыз!
Ветеринарларға ұсыныс!
Біз елімізде жануарларды микрочиппен белгілеумен айналысатын немесе айналысуға ниет білдіретін ветеринарларды немесе ветеринарлық клиникаларды іздеудеміз. Ондай мал дәрігерлерін өз сайтымыздағы ветеринарлар қатарына қосып, тіркеу арқылы, жануарлардың иелеріне чиппен белгілеу үшін ең жақын орналасқан ветеринарлық емхананы табуына көмектесеміз. Осылайша ветеринарлар біздің ақысыз интернет-қолдауымызға ие бола алады.
Ветеринарлардың міндеттері - жануарларды микрочиппен белгілеу процесін ұйымдастыру және мал иелеріне жануарларды AnimalID.kz сайтында тіркеу қажеттігі туралы ақпарат беру. Қосымша қызмет түрі ретінде чиппен белгілеу үшін алатын ақылары клиниканың табысын молайта түсетіні анық.
Бізде тіркелген ветеринарлар микрочиптерді арзан бағамен біздің электронды дүкенімізден сатып ала алады. Ол кезде сатып алынатын тауар көлеміне қарай шегерімдер қарастырылуы мүмкін. Біздің дүкеніміздегі микрочиптер туралы ақпарат деректер қорына тегін қойылады.
Клиникаға сканер орнату арқылы жоғалған жануардың иесінің мекенжайын анықтауға болады, сканерді біздің іздеу салу сервисімізді қолданып, орнатуыңызға болады.
Сканерді компьютерге жалғау арқылы сіз жануардың денсаулық жағдайы туралы жазбалардың автоматты түрде жүргізілуін қамтамасыз ете аласыз.
Бізге хабарласыңыз, үй және түз жануарларын, экзотикалық аңдарды, ауыл шаруашылығы малын электронды сәйкестендіруге қатысты кез келген сұрақтарыңызға жауап беруге әрқашан әзірміз.
Транспондерлерін имплантациялау жөніндегі нұсқаулық
Транспондерді имплантациялау орнын дайындау
Транспондерді имплантациялау орны кез-келген басқа әдеттегі асептикалық инъекцияға арналған орынның дайындалуына ұқсас тәсілмен дайындалуы тиіс. Ине мен транспондер инертті және зарарсыздандырылған қаптамада жеткізіледі. Жылқылар үшін клостридия (лат. Clostridium) бактерияларын жұқтырудың алдын алу үшін толық хирургиялық дайындық қажет.
Имплантациялау жөніндегі нұсқаулық
- Транспондердің цифрлық кодын тексеру үшін жабық қаптамадағы зарарсыздандырылған инені сканерлеңіз. Қаптаманы ашыңыз.
- Инені имплантерге салыңыз және имплантерді бұғаттаңыз. Имплантацияламастан бұрын бұғаттан шығарып, иненің қақпағын алыңыз. Жеке транспондер жағдайында қаптаманы ашып, иненің қақпағын алыңыз.
Ескертпе: Аба й болыңыз, ине өте өткір және ұзына бойына қиғаштығы 60 градус, бұл скальпельдің жүзімен бірдей. Сақ болуыңызды сұраймыз.
Ескертпе: Ине жануарға салынғанша ешқашан имплантер поршенін баспаңыз. Транспондер шығып кетуі мүмкін.
- Транспондер имплантациясы тері астына жасалатын басқа инъекцияларға ұқсас және көптеген үй жануарлары үшін имплантация жасау орындары ұқсас.
- Имплантер енгізу және суыру кезінде тіке бағытталуы тиіс. Иненің ұшын "шайқамау" үшін қол селкілдемеуі тиіс, осыған бар күш-жігерді салу қажет.
- Инені енгізгеннен кейін инені әрі қарай жылжыта отырып, теріні иненің ұзындығымен бірдей етіп созыңыз. Бұл рәсім кезінде инені баяу (еппен) енгізу ұсынылады.
- Инені инеде белгіленген сызықтың тереңдігіне енгізіп, тұрақтандырылған кезін пайдаланып поршеньді басыңыз. Инені алып тастаңыз және тері қатпарларының жазылғанын күтіңіз. Транспондердің толық енгізілгеніне көз жеткізу үшін имплантация орнын тексеріңіз.
- Транспондердің орналасқан жері мен кодын және сканерлеу техникасын тексеру үшін жануарды сканерлеңіз.
Транспондердің орналасуы және сканерлеу техникасы
Көпжылдық зерттеулер мен практикалық жасақтамалар нәтижесінде әртүрлі жануар түрлеріне микрочиптерді имплантациялау орындарына қатысты бірыңғай ережелер жасалды.
RF технологиясының сипатына бағытталған компоненттің арқасында сканер транспондерді оқиды. Төменде ұсынылған әдіс деректерді 100% жинауды қамтамасыз етуі керек.
Мойынның ортасынан иыққа дейін бойлай отырып, мойынның екі жағынан төрт рет өтіңіз. 90 градуспен арқа доғасын қамтитын сол аумақты көлденең бағытта төрт рет өтіңіз. Сканердің импульсін сақтау үшін абай болу керек, сканерді жануарға өте жақын ұстап тұрып, оның терісі мен жүнінің бетімен сырғытыңыз. Іске қосу батырмасын әр тәсілдеме кезінде басып ұстап тұру керек.
Бұл рәсімді жүргізетін маман белгілі бір шеберлік деңгейіне жеткенге дейін имплантацияны басқа процедурамен (мысалы, жынысты анықтау) біріктірмеу ұсынылады. Маман имплантация рәсімінен кейін асқынулармен күресуге және құсты белгілі бір уақыт ішінде бақылауға дайын болуы керек.
Кішкентай құстармен жұмыс жасағанда бұлшықет ішіне имплантация жасау үшін инені тек фасканың тереңдігіне салу керек.
Құстарды сканерлеу кезінде кеуде қуысы, мойын мен қанаттардың іргесі қамтылуы тиіс. Қанаттарын неге қамту керек дейтін болсақ, жеке хайуанаттар бағында имплантаттар көбінесе осы жерлерге жасалады.
- Ит, мысық, ұсақ сүтқоректілер мен приматтарға имплантация мойынның түбіне, арқасының ортаңғы сызығына, жауырын арасына жасалады. Транспондер иненің толық тереңдігіне және толығымен тері астына имплантацияланғанына көз жеткізу керек.
- Жылқыларда имплантация иненің бүкіл тереңдігіне, желке байламы тұсына, мойыннан төмен қарай сол жағына жасалады. Енгізу орны арқаның ортаңғы сызығынан 3-5 см жерде болуы тиіс, бұл жағдайда чипті екі жағынан сканерлеуге болады.
- Үй, ауыл шаруашылығы жануарлары және экзотикалық жануарлар (қойлар, ешкілер, ламалар және т.б. соларға ұқсас) –құйрығының сол жағындағы қатпарына, арқаның ортаңғы сызығына мейлінше жақын. Бұл кез-келген жағынан сканерлеуге мүмкіндік береді.
- Құстарға имплантация кеуде бұлшықетінің ішіне жасалады. Физикалық қарап шығу кезінде чипті анықтау (немесе суырып шығару) оңай емес екенін білу керек. Бүгінгі таңда құстармен жүргізілген барлық дерлік айла-шарғылар дәл осы жерге жасалғанда асқынулар орын алмайды; дегенмен бұлшықетішілік гематоманың пайда болуы ықтимал.
- Құрлық пен су тасбақаларына артқы жағындағы қабыршақ астына, тері қабықпен жанасатын ортаңғы сызық бойымен имплантацияланады. Ірілеу жануар түрлері үшін инені бүкіл тереңдікке енгізуге болады. Кішкентай түрлер мен жаңа туған төлге чипті инені тек көлбеуліктің ¾ тереңдігіне орналастыру арқылы салуға болады. Жас жануарлардың жұмсақ қабығына зақым келтірмеу және жарақаттап алмау үшін абай болу керек. Чипті қабыршақ арқылы сканерлеуге немесе сканерді корпустың артқы төменгі жағынан өткізуге болады.
- Жыландарға имплантация мойын ішіне, басынан 3-5 см жердегі бұлшықет ішіне тайыз салынады. Иненің бағыты дененің бетіне параллель болуы керек.
- Игуан, келес сияқты кесірткелерге имплантация құйрық түбіндегі жуан бұлшық етіне орналастырылады. Ине қабыршақ арасында бағытталуы керек.
Транспондердің жалпы қабылданған тәсілмен орналасуы
Барлық транспондерлер мүмкіндігінше жануардың сол жағына (L) имплантациялануы керек.
ТҮРЛЕР/ИМПЛАНТАЦИЯ ОРЫНДАРЫ/ ТҮСІНДІРМЕЛЕР
БАЛЫҚТАР:
Үлкенірек (>30 см) жүзбеқанаттың сол жақ іргесі
Кішірек (<30 см.) жатыр қуысы
АМФИБИЯЛАР: лимфа қуысы түзілген саңылауды мата желімімен жауып қою керек
РЕПТИЛИЯЛАР:
Тасбақалар артқы аяқтарының шұңқырлары (L)
Қолтырауындар тері астына, желке тобына қарсы (L)
Кесірткелер
Үлкенірек (>12,5 см.) шап аймағы (L)
Кішірек (<12,5 см.) жатыр қуысы
Жыландар мойынның сол жағына/немесе кеуде бұлшықетіне мұрынның ұшынан бастың екі ұзындығын өлшеңіз
ҚҰСТАР
Ересек құстың массасының өлшемдеріне сәйкес
Үлкенірек (>1,5 кг. және/немесе ұзын аяқты) мойын мен дененің түйіскен жерінде дорсалды түрде (L)
Орташа және кіші (<1,5 кг.) кеуде бұлшықеті (L)
Тотықұстар кеуде бұлшықеті (L)
Ескі/жаңа әлем құзғындары тері астына мойын түбіне (L)
Басқа сұңқар тәрізділер кеуде бұлшықеті (L)
Дегелек кеуде бұлшықеті (L)
Қырсыздар Мойын имегінің үстіндегі бұлшықетке (L)
Пингвиндер тері астына мойын түбіне (L)
Түсіндірме: сол жақ кеуде бұлшықетінің ең жалпақ жеріне, төменгі бағытта.
СҮТҚОРЕКТІЛЕР
Өлшемі ересек сүтқоректілердің жамбас сүйегі мен жауырыны арасындағы қашықтыққа сәйкес келеді
Иттер / мысықтар жауырын арасындағы тері астына (шоқтығы тұсындағы ортаңғы сызық бойымен) Ортасынан сол жаққа қарай жауырын арасымен.
Жылқылар желке байламының сол жағына. Жануардың бүйірлік жазықтығына перпендикуляр түрде мойын ортасындағы бұлшықет ішіне.
Ірі мүйізді қара тері астына, оң жақтағы мойынның төменгі үштен бір бөлігі.
Ұсақ мүйізді қара тері астына, мойынның жоғарғы бөлігі құлақтың арты.
Лори тәрізділер
Кішкентай-орташа (<17 см.) сол жақ құлақтың түбіне тері астына. Мойынның қалың терісі имплантацияны қиындатады.
Үлкен-орташа (>17 см.) тері астына омыртқадан жауырынға дейін. Жауырынның орта тұсының сол жағына.
Даман тәрізділер бел аралық аумаққа тері астына (L).
Піл құйрықтың сол жағына каудал қыртыстың қалыңдығына (L) тері астына. Тері қалқаны имплантацияны қиындатады.
Тіркеу Туралы
Қазақстан Республикасындағы алғашқы Жануарларды электронды сәйкестендіру деректерінің ұлттық бірыңғай деректер қоры – AnimalID.kz сайтында микрочиптермен белгіленген жануарларды тіркеуге болады.
AnimalID.kz - Қазақстан Республикасындағы алғашқы Жануарларды электронды сәйкестендіру деректерінің ұлттық бірыңғай деректер қорында тіркеу сіздің жануарыңыз туралы ақпараттың тәулік бойы онлайн қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Бұны сіздің жануарыңыз жоғалған кезде, ветеринарға барғанда, адасқан жануарларды иелеріне қайтару үшін, сақтандыру мақсатында, көрмелерде жануарлар ауысып кетпеу үшін, шетелге шыққанда және басқа да көптеген жағдайларда пайдалануға болады.
Тіркелген жануар туралы ақпарат осыған ұқсас халықаралық деректер қорларына барып түседі.
Мәліметтерге өзгерістерді енгізу немесе тіркеу үшін не істеу қажет:
- микрочипті тіркеу формасын (қайта тіркеу) толтыру;
- тіркелу ақысын төлеу (біздің дүкенімізден сатып алынған микрочиптер тегін тіркеледі).
Тіркеу құны және төлеу әдістері:
Бізден сатып алынған чиптер тегін тіркеледі. Қайта тіркелген жағдайда құны - 1500 KZT.
Бөгде чиптарды тіркеу құны -18000 KZT.
Ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу және қайта тіркеу құны -1000 KZT.
Төлем жасау тәсілдері:
- Біздің есеп айырысу шотымызға аудару арқылы қалыптастырылған шот бойынша;
- Біздің интернет-дүкенде төлем карталарымен On line төлеу;
Қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде тауарлар мен қызметтер ақшалай қаражат сатушының шотына түскеннен кейін ұсынылады.
Жиі қойылатын сұрақтар.
Сұрақ: Микрочип деген не?
Жауап: Микрочип – көлемі күріштің дәні секілді биологиялық инертті шыныдан жасалған капсула ішіне салынатын, жеке бағдарламалық нөмірі бар шағын электронды чип. Микрочипте батарея болмайды, ол сканердің көмегімен іске қосылады. Сканердің әрекет ету өрісіне түскен кезде микрочип оның магниттік өрісінен қуат алып, бірегей 15 таңбалы нөмірді радиосигналмен жібереді. Сканер бұл нөмірді дисплейде көрсетеді. Чип өмір бойғы электронды сәйкестендіруді қамтамасыз етіп, жануарыңызды жоғалудан немесе ұрланудан қорғайды.
С: Жануарларды чиппен белгілеу не үшін қажет?
Ж: Жануар жоғалуы немесе ұрлануы мүмкін. "Электронды паспорт" жануардың иесін еш кедергісіз тауып, жануарды үйіне қайтаруға кепіл болады. Сонымен қатар сақтандыру компаниялары тек чиптелген жануарларды ғана сақтандырады. Еуроодақ елдерінде чипі жоқ жануарларды алып жүруге тыйым салынған. Электронды сәйкестендіру сату үшін өсірілетін асыл тұқымды жануарлар туралы заңмен реттеледі. Ол ветеринарлардың малдың күйі туралы жазбаларды автоматтандырылған түрде жүргізуіне мүмкіндік береді.
С: Микрочип жануар етіне қалай енгізіледі? Қаншалықты ауыртады? Хирургиялық ота немесе анестезияны қажет ете ме?
Ж: Микрочип тері астына шприц көмегімен енгізіледі. Бұл ресім жануарлар үшін залалсыз, мүлдем ауыртпайды (таңбалау, ен салумен салыстырғанда бұл шара әдеттегі екпе сияқты). Операция немесе анестезия қажет болмайды, микрочипті ветеринарға барған кезде енгізуге болады.
С: Чип жануардың денесінде қозғалып жүре ме?
Ж: Әдетте қозғалмайды. Имплантациядан кейін чип бетінде дәнекерлеуші ұлпа қабаты пайда болады, енгізілген жеріне мәңгі тұрақтап қалады. Алайда кейбір асау, тынымсыз жануарлардың терісінің асты орнықсыз болса, чип орнынан қозғалып кетуі мүмкін. Бұған жол бермес үшін жануар тістеп тастамас үшін, чиптің өте берік имплантациясын (желке тұсында) жүзеге асыру қажет. Мұндай ресімнен кейін 2-3 күн мойнына кең жаға-қамыт кигізген дұрыс.
С: Микрочипте қандай ақпарат болады? Чипте жануар туралы медициналық ақпарат бола ма?
Ж: Қазіргі микрочиптерде тек сәйкестендіру нөмірлері болады. Микрочип технологиясында жануар туралы медициналық ақпарат қарастырылмағанымен, танысу үшін біздің деректер қорымызды шолып шықсаңыз болғаны.
С: Қандай жануарларды чиппен таңбалауға болады?
Ж: чиппен кез-келген үй жануарларын, малды, кеміргіштерді, құстарды, балықтарды, жыландарды т.б.белгілеуге болады.
С: Жануарларды қай жасында чиппен белгілеген жөн?
Ж: Жануарларды чиппен белгілеу үшін жасына шек қойылмайды. Күшіктер мен мысықтың балаларын алғашқы екпе жасардың алдында 5-6 айлығында чиптеген жөн.
С: Жабайы аңдарды микрочиппен белгілеуге бола ма?
Ж: Иә, әрине. Жабайы аңдарды микрочиптеу олардың санын, мекенін ауыстыруын т.б. анықтау үшін ғылыми мақсаттарда қолданылады.
С: Әдетте чип қай жерге енгізіледі?
Ж: Тәжірибеде чипті енгізудің стандартты имплантациялық орындары қалыптасқан. Мысықтар мен иттерге жауырын арасындағы арқасына енгізіледі. Шошқалар мен сиырларға құлағының артына немесе құйымшақ тұсына енгізеді. Ешкілерге құйрығының түбіне, жылқы мен басқа да аша тұяқтыларға жалынан 3-5 см төмен жеріне енгізіледі. Құстардың кеуде бұлшық етіне жасалады.
С: Микрочип енгізудің техникасы қандай?
Ж: Егетін жерді спиртпен сүрту керек. Теріні жиырып ұстап, инені тері астына 30 градус бұрышпен толығымен тығу керек. Шприц жылжытпасын немесе имплантер тұтқасын тірелгенше басу қажет. Содан соң инені алыңыз.
С: Сканер қалай жұмыс істейді?
Ж: Сканерді чип енгізілген жерге 3-5 см қашықтықта жақындатып, пернені басады. Сканер тері арқылы қауіпсіз радиосигнал жіберіп, чиптің кодын оқиды. Код қабылданғаннан кейін сканер шиқылдаған дыбыс шығарып, дисплейде чип нөмірін (мысалы, 398000000012345) көрсетеді.
Сканер ветеринарлар өз қызметін автоматтандыру үшін пайдаланатын түрлі компьютерлік бағдарламаларға чиптің нөмірін енгізуді автоматтандыру үшін компьютерге кабель арқылы жалғануы мүмкін.
С: Микрочиптеуді кім жүргізуі тиіс?
Ж: Микрочиптеуді лицензиялау тоқтатылды. Енді чипті кез келген ветеринар, тері астына екпе жасай алатын кез келген адам енгізе алады. Тәжірибе көрсеткендей, чиппен белгілеуді жануарлардың иелері мен аң үйретушілер де жасап үйренген. Ең бастысы – асептика мен антисептика ережелерін ұстану, ресімді техникалық тұрғыдан дұрыс орындау, жануарлар туралы деректерді бірыңғай қорға енгізу және микрочип нөмірін ветеринарлық кітапшаға жапсыру.
Алайда чиптің дұрыс енгізілгеніне сенімді болу үшін бұл істі ветеринарға тапсырған жөн. Ветеринар микрочипті дәл орнықтыру мен қалай енгізу тәсілін біледі. Сондай-ақ сканер көмегімен чиптің жарамдылығын тексеріп бере алады.
С: Микрочиптеу ресімі қалай жүреді?
Ж: Ветеринар жануарда чиптің бұрыннан бар-жоқтығын сканермен тексереді. Содан соң чиптің жарамдылығын қарап шығады. Тері астына егу арқылы ветеринар чипті жануар ағзасына енгізіп, ресімнің дұрыс өткендігіне көз жеткізу үшін қайтадан сканирлейді. Жануардың паспортына чиппен бірге сатылатын нөмір жазылған арнайы жапсырма желімденіп, чиптелген уақыт жазылады. Содан соң жануар және оның иесі туралы деректер бірыңғай қорға жазылып, тіркеледі.
С: Микрочиптелген жануар иесіне қандай құжаттар қажет?
Ж: Ешқандай қосымша құжаттар қажет емес. Қолда бар ветеринарлық құжаттарға (тегі туралы құжат, ветпаспорт және басқалары) микрочип нөмірі мен чиптің енгізілген уақыты жазылады. Қате енгізілмес үшін және қолайлылық үшін әр шприц немесе микрочипті инемен бірге чип нөмірі және штрих коды бар бірнеше жапсырмалар қоса сатылады.
С: Жануарларды қай жерде чиптеп және сканирлеуге болатынын қайдан білуге болады?
Ж: Микрочиптеу бағдарламасына қатысатын ең жақын жердегі ветеринардан білуге болады, оны біздің арнайы Ветеринарды іздеу деген сервисіміздің көмегімен табуға болады.
С: Чипті AnimalID.kz сайтында тіркеу не үшін қажет?
Ж: Біздің сайтта тіркеу – сіздің жануар туралы ақпаратқа тәулік бойы онлайн түрде қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ақпараттың жануар жоғалғанда, тіпті шетелді жүріп жоғалғанның өзінде көмегі зор, ақпарат дереу барлық ветеринарлық клиникалар мен үй-күйсіз жануарларды аулау станцияларына дереу жөнелтіледі.
С: Жануарымды қалай тіркей аламын? Жануарларды электронды сәйкестендіру деректерінің ұлттық бірыңғай деректер қорында тіркеу ақысы қанша?
Ж: Бұл ақпаратты «Біздің сайтқа тіркелу» атты бөлімнен қарап шыға аласыз.
С: Мен тіркелу кезінде қате жібердім, қатемді қалай түзете аламын?
Ж: Сіз тіркелу формасын қайтадан толтыруыңыз қажет. Бұл жүйеде кез келген өзгертулер қайтадан тіркелу деп қабылданады, сондықтан тіркеу ақысын қайта төлеуге тура келеді.
С: Менің деректерім халықаралық деректер қорында қашан пайда болады?
Ж: AnimalID.kz сайтында тіркелген сәттен бастап. Біз тіркеуді әдетте сіз тиісті форманы толтырып, ақшаны аударған (егер ақылы тіркелу болса) күннің ертеңіне жүргіземіз. Алайда регламент бойынша әкімгерге тіркеу үшін үш күн уақыт беріледі. Тегін тіркелу дереу жүзеге асырылады.
С: Жоғалған жануарды қалай табуға болады?
Ж: Сіз бізге дереу хабарласып, жоғалған жануар туралы деректі Жоғалған жануарлар бөліміне орналастыруыңыз қажет. Жануар табылған бойда, сізге дереу хабар берілетін болады.
С: Жоғалған жануардың иесін қалай табуға болады?
Ж: Жануарды тауып алған адам сканермен жабдықталған ең жақын жерде орналасқан ветеринарлық клиникаға барып, сканер арқылы чиптің нөмірін анықтайды. Содан соң бұл нөмірді Жануардың иесін іздеу бөліміне енгізу қажет, онда иесінің мекенжайы мен телефоны көрсетіледі. Содан соң сол телефон бойынша хабарласу қажет.
С: Мен чиптелген жануар сатып алдым, енді оны Жануарларды электронды сәйкестендіру деректерінің ұлттық бірыңғай деректер қорына қалай тіркеймін?
Ж: Жануарды Тіркелу бетінде тіркеңіз. Тіркелу ақысы келіп түскеннен кейін жаңа деректер Жануарларды электронды сәйкестендіру деректерінің ұлттық бірыңғай деректер қорына енгізілетін болады. Жануарларды қайтадан чиптеуге болмайды!
С: Мен ветеринармын, микрочиптеумен айналысқым келеді. Неден бастауым керек?
Ж: Алдымен біздің сайтымыздың басты бетіндегі оң жақ бұрышындағы Ветеринарларды тіркеу пернесін басыңыз, тіркеліңіз. Бұл сізге жабдықты ветеринарлар үшін қарастырылған шегеріммен сатып алуға мүмкіндік береді. Өздеріне ең жақын жердегі ветеринарды іздеуші сайт тұтынушылары сізді Ветеринарды іздеу бөлімінен таба алады. Тіркелгеніңіз расталғаннан кейін, Ветеринарлардың кіруіне арналған арнайы бөлімге өтіп, өзіңізге қажетті құрал-жабдықтарды Интернет-дүкеннен таба аласыз. Алдымен микрочипті бірнеше шприц сатып алғаныңыз жөн. Тиісті тауарларды таңдап алғаннан кейін, Кәрзеңкенің көмегімен төлеу тәсілдерінің бірін қолданыңыз. Сонда сіздің деректемелеріңіз енгізілген төлем картасы жасалады. Оны қағазға шығарып алып, ақысын төлеңіз. Сіздің атыңызға тауар келіп түскеннен кейін, жұмысыңызды бастай аласыз!
Сұрағыңызға жауап таба алмасаңыз, бізбен тікелей хабарласыңыз!