Кіріспе

Біз сіздің үй жануарыңызбен саяхаттау туралы ойыңызды іске асыруға, бір-біріңізден көз жазбауларыңыз үшін жолшыбай туындайтын барлық мәселелерді шешуге көмектесеміз.

Алдымен келесі маңызды аспектілерді білу және ескеру қажет:

1. Тек сау жануарларды ел ішімен алып жүруге немесе шетелге шығаруға болады. Ветеринариялық көмекті қажет ететін ауру жануарларды тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ біз қартайған жануарларды сапарға жиі алып шығуға кеңес бермейміз. Егер сіз жануармен шетелге сапарға шығатын болсаңыз, дайындықты жолға шығардан кем дегенде 5 ай бұрын бастаған дұрыс.

2.    Жануардың ветеринариялық паспорты болуы тиіс. Егер сіз жануармен бірге шетелге барғыңыз келсе, онда паспорт халықаралық үлгіде болуы керек. Халықаралық ветеринариялық паспортта ең алдымен барлық екпелер туралы ақпарат және гельминттер мен эктопаразиттерге қарсы ем туралы мәліметтер көрсетілуі керек.

3. Жануарларды тиісті үлгідегі микрочиппен сәйкестендіру керек (ентаңба салуға 2012 жылдан бастап тыйым салынды). Микрочип ISO 11784 немесе ISO 11785 стандартына сәйкес келуі керек, әйтпесе жануардың иесі чип оқу құрылғысын ұсынуға тиісті болады. Чиптендіру жануар туралы мәліметтер бірыңғай дерекқорға енгізілген жағдайда ғана жарамды деп танылады. Тағы бір жағы бар: бірқатар елдерде, атап айтқанда ,Финляндияда құтыруға қарсы вакциналау құтыруға қарсы соңғы вакцина салу кезінде микрочипі бар жануарға жүргізілуі тиіс деген талап қойылады. Олай болмаған жағдайда вакциналау жарамсыз деп танылады.

4.    4 апталық жастан асқан иттер, мысықтар және күзендер құтыруға қарсы уақтылы (сапардан кемінде 12 ай бұрын немесе кетер алдында 30 тәулік бұрын) екпе алулары тиіс. Жыл сайынғы уақтылы ревакциналау кезінде 30 тәулікті құрайтын инкубациялық кезең талабы қолданылмайды. Вакцина алумен қатар жоспарлы дегельминтизация (елге әкелерден кемінде 10 күн бұрын және 90 күннен кешіктірмей) жүргізу қажет, бұл туралы паспортқа ветеринария маманы белгі қоюы тиіс. Айта кететін жайт, вакциналау және дегельминтизация ЕО шекараларын кесіп өтетін жануарларға қолдануға мақұлданған препараттармен жүргізілуі керек. Бұл тізімге клиникаларда жиі қолданылатын Нобивак және антигельминтик Додтал вакциналары кіреді. Ал Финляндия шекарасында құрамында құтыру ауруы бар Эурикан поливалентті вакцинасына қатысты проблемалар туындауы мүмкін. Эуриканмен иммундау кезінде жануармен бірлескен сапарларды жоспарлау үшін Рабизин компонентін қолданған дұрыс.

5.  Қазақстан Республикасының аумағымен саяхаттайтын жануарлардың иелері жануарды тасымалдаудың белгіленген күнінен екі күн бұрын "Қалалық ветеринариялық қызмет" ШЖҚ КМК-дан анықтама алуы тиіс. Жануарды жақын және алыс шет елдерге шығару кезінде осындай анықтамадан басқа тұрғылықты жеріндегі "ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінен" №1 нысандағы сертификатты алу талап етіледі.

6. ЕО елдеріне жануарларды әкелу Еуропалық Парламент пен Кеңес директивасымен (regulation (EU) No 576 2013) реттелетінін білген жөн, ол жануарларды коммерциялық емес тасымалдауға қолданылатын жануарлардың денсаулығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ кіргізуші елдің ішкі ережелерін белгілейді. Кіргізуші елдің ережелерімен мына жерден таныса аласыз.

ЕО бірқатар елдеріне (мысалы, Швеция, Ұлыбритания, Мальта, Ирландия) жануарларды кіргізу кезінде дегельминтизацияның (эхинококкқа қарсы өңдеу) жүргізілгенін растайтын ағылшын тіліндегі сертификат қажет болады. Мұндай сертификат сіздің жануарыңызға тиісті рұқсаты бар ветеринариялық клиникада берілуі керек.

ЕО көптеген елдерінде (мысалы, Швеция, Мальта, Ирландия, Ұлыбритания және т.б.) құтыру ауруына қарсы вакциналау тиімділігін растайтын талдау жүргізу туралы Rabies Antibody Test -жануардың құтыру вирусына қарсы денелері бар-жоғын зерттеу талабы қойылуы тиіс. 

8.      Көлік түрін таңдау және жануарды сапарға дайындау. Егер сіз жануармен Қазақстан Республикасының аумағы бойынша саяхаттайтын болсаңыз, онда автокөлікпен, теміржол немесе ішкі рейстердегі әуе көлігімен алып жүре аласыз https://airastana.com/kaz/kk-kz/Qyzmetterimiz/Arnaiy-qyzmetter/Januarlardy-tasymaldau

Егер сіз шетелге жануармен бірге сапарласаңыз, онда сіз халықаралық әуе компанияларының талаптарын білуіңіз керек https://www.iata.org/en/programs/cargo/live-animals/

Тасымалдаушының ережелеріне қарай жануар сізбен бірге ұшақтың салонына жіберіледі немесе оны жүк бөліміне тапсыруға мәжбүр боласыз. 

9.     Сапар алдында сіз тұратын қонақ үйде жануарлар қабылданатынына көз жеткізуіңіз керек.

10.  Егер сіз шетелде жүрген кезіңізде үй жануарын тауып алып, оны өзіңізбен бірге алып келгіңіз келсе, онда сіз қағаздарды кері тәртіппен рәсімдеуіңіз керек. Біз сізге осы мәселелерді шешуге көмектесуге әзірміз.

Экзотикалық жануарларды (құстарды, тасбақаларды, бауырымен жорғалаушыларды және басқаларын) кіргізу мен шығаруға келетін болсақ, бәрі әлдеқайда күрделі және әр жағдайда бөлек қарастырылады. Мұндай жануарларды CITES әкімшілік органы (Жабайы фауна мен флораның сирек кездесетін түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенция) және әрбір жеке түрді тасымалдау ережелері бөлек тәртіппен қарастырылады.

Бір-біріңізден ажырамаңыз және сапарыңыз оң болсын!