Құтыруға қарсы антидене сынағы

Анықтама үшін: Құтыруға қарсы бейтараптандыратын денелердің мөлшері кемінде 0,5 ХБ/мл болуы керек.

Жануарлардың иелері үшін ең үлкен проблема - қарсы денелердің мөлшерін анықтау ЕО аккредиттеген зертханада жасалуы тиіс. https://ec.europa.eu/food/animals/pet-movement/approved-labs_en Қазақстан Республикасында мұндай зертханалар жоқ. Аккредиттелген зертханалардың көпшілігінің өкілі біздің "Animal ID Kazakhstan" компаниямыз болып табылады. Біздің компанияның "Саяхат агенттігі" бөлімшесі жануарлармен бірге саяхаттауға арналған құжаттарды дайындауға маманданған, бірінші кезекте кеңес береді және тестіден өтуге көмек көрсетеді: біз микрочип қою мен вакциналаудан бастап қан алуға, қанды жіберуге, сертификат алуға дейінгі барлық қажетті рәсімдерді жүзеге асырамыз. Сіздің жануарыңыздың халықаралық үлгідегі ветеринариялық паспортында тестіден өткені туралы белгі қойылады, ал компанияда құжаттардың телнұсқалары сақталады. Осылайша сіз әрқашан бұдан кейінгі саяхаттар үшін бұл ақпаратты қалпына келтіре аласыз. Біздің компания ОАР, АҚШ, Канада, Австралия және басқа да елдердегі зертханаларға қан жөнелтуді жүзеге асырады.

Қан сынамаларын жіберудің ерекшелігі сол - жануардың қаны арнайы әдіспен өңделіп, алғаннан кейін үшінші күннен кешіктірмей зертханаға жеткізілуі керек.  Ал зертхана қызметтеріне ақы төлеу қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша ғана жүзеге асырылады және барлық ілеспе құжаттарымен қоса аккредиттелген компаниялардан ғана қабылданады.

Дайындау және тасымалдау рәсімі қарапайым. Микрочип нөмірін бастапқы оқығаннан кейін жануардан қан алынады (бұл небары 2-3 мл), қан центрифугаланады, сарысу бөлініп, арнайы тасымалдау түтігіне орналастырылады (бұл сынаманы бір апта ішінде құтыру тестісін өткізуге жарамды етеді). Дайындалған сынама ағылшын тіліндегі ілеспе құжаттарымен бірге зертханаға курьер арқылы жіберіледі. Тест нәтижелері дайын болуына қарай зертханадан курьер арқылы жеткізіледі.

Бізге жазыңыз, біз сіздің үй жануарыңызды саяхатқа дайындаймыз.